Жаңалықтар
Облыстық перзентханадан КВИ белгісі бар соңғы науқас шықты
Кеше Атырау облыстық перинаталдық орталықтан короновирус симптомымен босанған ана емделіп, үйіне шығарылды. Қазіргі уақытта аталған орталықтың провизорлық стационары бос тұр. Облыстық перинаталдық орталық директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Қазбек Ермағамбетовтің айтуынша, пандемияның өршіген тұсы маусым – шілде айында орталықтың провизорлық стационарында короновирус симптомымен елуден астам жүкті әйел жатты. Соңғы айда…
Толығырақ »84 жастағы әжені тонаған
Оқиға Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында болған. Түнде тонаушы кіре беріс есіктің ашық тұрғанын пайдаланып, қарт әжеден басқа ешкім жоқ үйге кірген. Қылмыскер бір қолымен әженің аузын жауып, екінші қолымен құлағынан алтын сырғаларын жұлып алған. Үйге келген немересі полиция шақыртқан. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер екі күннің ішінде күдіктіні тапты. Оның…
Толығырақ »Дәрігерлер бригадасы шалғай ауылдарға барды
Атыраулық дәрігерлер бригадасы Құрманғазы ауданының шалғай ауылдарына барып, тұрғындарға кеңес берді. Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Бүгінде Құрманғазы ауданы бойынша 33 емдеу — сауықтыру мекемесі жұмыс істеп жатыр. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров бастап барған облыстық дәрігерлер бригадасының құрамында балалар, ересектер невропатологы, хирург-ортопед, ЛОР,…
Толығырақ »Қалдық төгетін 50 көлікке айыппұл салынды
Атыраулық полицейлер қала шетінде орналасқан елді мекен аумактарының абаттандыру кағидаларын бұзып, тұрмыстық жане нәжіс қалдықтарын белгіленбеген жерлерге төккен көлік жүргізушілерін жауапкершілікке тартуда. Жақында патрульдік полицейлер осындай «Газ 3307» автокөлігін анықтап, жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 55 560 теңге айыппұл салынса, 4 қыркүйек…
Толығырақ »Демалыс күндері локдаундар сақталады
Бүгінгі үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой аурудың таралуын болдырмау үшін бірқатар шектеу шарасы күшінде қалатынын жария етті. – Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы күресте қоғамның рөлі өте маңызды. Алдын алу шаралары қаншалықты сақталса – жағдай соншалықты жеңіл болады. ДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесустың ойынша, бұл – соңғы пандемия…
Толығырақ »Ауруханаларға отандық өндірістегі көліктер мен аппараттар жеткізіледі
Осы жылдың қараша айына дейін елдегі ауруханалар мен емханалар үшін мыңнан аса отандық өндірістегі жедел жәрдем көлігі сатылып алынады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. – Біздің министрлік күзгі кезеңге барынша дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Елдегі ауруханалардағы төсек орындардың саны 54 178-ке жетеді. Инфекциялық және провизорлық стационарларда өкпені жасанды желдетудің 3 379…
Толығырақ »Биыл мемлекеттік бюджетке 5,5 трлн. теңге кіріс түскен
Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 5,5 трлн. теңге кіріс түсті. ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысындағы баяндамасында айтты. – 8 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 5,5 трлн. теңге сомасында кіріс түсті немесе жоспар 95,5% атқарылды. Республикалық бюджетке 3 трлн. 455 млрд теңге түсті немесе жоспар…
Толығырақ »Зейнетақы мен жәрдемақы цифрланады
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылар түрін тағайындау мен төлеу тәртібі цифрландырылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында хабарлады. – Жолдауда айтылғандай цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі. Цифрлық теңсіздікті жою және интернетке барынша қол жеткізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданады. Зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау және төлеу цифрландырылады. Деректер…
Толығырақ »Министр модернизациялауды тапсырды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Атыраудағы ағын суларды тазалау құрылғыларын модернизациялауды жеделдетуді тапсырды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Министрге Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ағын суларды тазалау құрылғыларының модернизациясы таныстырылды. Сондай-ақ, мұнда механикалық тазалау ғимараттарының, ағын сулардың ашық тоғандарының реконструкциясын, 860 гектар аумақтағы «Сасық сай» булану алаңының рекультивациясын жүзеге…
Толығырақ »Табиғатты қорғау заңын бұзушылардан 11,5 млн. теңге айыппұл өндірілді
Атырау облысында кәсіптік балық аулайтын 3 су қоймасы орналасқан. Олар: Орал, Қиғаш өзендері мен Каспий теңізінің Қазақстандағы бөлігі. 2020 жылдың 8 айында Атырау облыстық инспекциясы қызметкерлері 752 тұлғаға қатысты 1 301 табиғатты қорғау заңын бұзу фактісін тіркеп, оларға жалпы құны 14,9 млн. теңге айыппұл салған. Оның 11,5 млн. теңгесі өндіріліп,…
Толығырақ »









