Аймақ - 26.12.2023

Жылыойда төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Әнуар Шәкіровтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

Күн тәртібінде «Мұз тұру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі» бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізу жайы талқыланды.

Сондай-ақ, «Жаң жыл мерекесі қарсаңында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аудан көлемінде жарылғыш, қопарғыш (пиротехникалық) заттарды сатуға тиым салу және алдын алу шаралары мәселесі» және «Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау мәселесі» бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.