Аймақ - 26.12.2023

Аудандық мәслихаттың 12-сессиясы өтті

Қызылқоға аудандық мәслихаттың кезекті 12 сессиясы өтті. Сессияға тиісті бөлім басшылары, қоғамдық кеңес төрағасы және БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

Сессияның күн тәртібі бойынша «Аудандық кірістер басқармасының атқарған жұмысы туралы» бөлім басшысы Ахметова Самал Шәйжанқызы, «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» және «2024-2026 жылдарға арналған Қызылқоға ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Сәлімгереева Құралай Әділшеқызы баяндама жасап, депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптары берілді. Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Осы жылды қорытындылаған күн тәртібіндегі мәселелерді депутаттар белсенді түрде талқылап, ұсыныс-пікірлерін енгізді. Айтылған пікірлер ескеріле отырып, мәслихат шешімдері қабылданды.