Жылыойлық Ерлан Шакишов грэпплингтен Қазақстан чемпионы атанды

Жылыойлық Ерлан Шакишов грэпплингтен Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

Астана қаласында грэпплингтен ерлер және әйелдер арасында ел біріншілігі өтіп жатыр. 20–21 желтоқсан күндеріне жоспарланған спорттық додада жылыойлық Ерлан Шакишов топ жарып, ҚР чемпионы атанды. Очылайша ол 130 келі салмақта өнер көрсетіп, Әлем біріншілігіне жолдама алды.

Ерлан Шакишов – ұлттық жекпе-жектен, панкратионнан спорт шебері. Сондай-ақ, республикалық және азиялық турнирлерде жүлделі орындарға ие болып жүр.