Зейнетақы мен жәрдемақы цифрланады

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылар түрін тағайындау мен төлеу тәртібі цифрландырылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында хабарлады.
– Жолдауда айтылғандай цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі. Цифрлық теңсіздікті жою және интернетке барынша қол жеткізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданады. Зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау және төлеу цифрландырылады. Деректер базасының бірыңғай жүйесі құрылады, – деді Руслан Дәленов.
Министр, сондай-ақ, ауыл әкімдерінің тікелей сайланатыны мен мәслихаттар қызметінің ашықтығы артатынын және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мәртебесі мен өкілеттіктері күшейтілетінін жеткізді.