Демалыс күндері локдаундар сақталады
Бүгінгі үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой аурудың таралуын болдырмау үшін бірқатар шектеу шарасы күшінде қалатынын жария етті.
– Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы күресте қоғамның рөлі өте маңызды. Алдын алу шаралары қаншалықты сақталса – жағдай соншалықты жеңіл болады. ДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесустың ойынша, бұл – соңғы пандемия емес. Аурудың таралуын болдырмай, жағымды динамиканы сақтау үшін бірқатар шектеу шарасы мен демалыс күндердегі локдаундар күшінде қалады, – деді ол.