Аймаққа жаңа блок-бекеттер қойылмады

Облыс аумағына жаңадан ешқандай блок-бекеттер қойылмаған.
Атырау облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақтың Жылыой ауданы Теңіз вахталық қалашығы аумағындағы төрт блок-бекет наурыз айынан бері тұр. Олар аталған ауданның бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қойылған. Облыс аумағында бұдан басқа блок-бекеттер жоқ.
Бүгінгі Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, облыстардың бас санитарлық дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес Атырау облысында – 4 блок-бекет, Ақтөбе облысында 2 санитарлық бекет қойылғанын айтқан еді.