Облыс аумағына 4 блок-бекет орнатылды

Өңірлердің бас санитарлық дәрігерлерінің шешімдеріне сәйкес, еліміздің екі аймағына төрт блок-бекет пен екі санитарлық бекет құрылды. Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың мәліметінше, блок-бекеттер Атырау облысында, санитарлық бекеттер Ақтөбе облысында орнатылған. Полиция, сондай-ақ, 299 карантиндік нысанды қоршауға алған.
Медициналық мекемелердің сұрауы бойынша, тәртіп сақшылары ауру жұқтырған адаммен байланыста болғандарды іздеп, табады