Облыстық перзентханадан КВИ белгісі бар соңғы науқас шықты

Кеше Атырау облыстық перинаталдық орталықтан короновирус симптомымен босанған ана емделіп, үйіне шығарылды.
Қазіргі уақытта аталған орталықтың провизорлық стационары бос тұр.
Облыстық перинаталдық орталық директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Қазбек Ермағамбетовтің айтуынша, пандемияның өршіген тұсы маусым – шілде айында орталықтың провизорлық стационарында короновирус симптомымен елуден астам жүкті әйел жатты.
Соңғы айда жағдай жақсарып келеді.
9 қыркүйек күнгі мәлімет бойынша, Атырау облыстық перинаталдық орталығының стационарына 153 әйел түскен. Оның 87-сі босанған әйелдер.