84 жастағы әжені тонаған
Оқиға Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында болған. Түнде тонаушы кіре беріс есіктің ашық тұрғанын пайдаланып, қарт әжеден басқа ешкім жоқ үйге кірген.
Қылмыскер бір қолымен әженің аузын жауып, екінші қолымен құлағынан алтын сырғаларын жұлып алған. Үйге келген немересі полиция шақыртқан.
Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер екі күннің ішінде күдіктіні тапты. Оның қылмысын ҚР ҚК 191-бабының 3-тармағының 3-тармақшасы «Үй-жайға заңсыз кіруімен жасалған тонау» бойынша бағалап, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.