Жаңалықтар - 04.10.2023

Атырауда құрылыс техникаларын ұрлап, психотроптық дәрі-дәрмек сатып алмақ болған күдіктілер ұсталды

24 қыркүйек күні Балықшы ықшам ауданы, А.Байжігітова көшесінде салынып жатқан ғимарат ішіндегі құрылыс техникаларын белгісіз адамдардың ұрлағаны жөнінде №1 қалалық полиция бөлімінің кезекшілігіне хабарлама келіп түскен.

Жедел іздестіру шаралары барысында құрылыс техникаларын жымқырған 1995 ж.т. және 2005 ж.т. күдіктілер анықталды. Құрылыс мекемесіне 500 мың теңге материалдық шығын келген. Тергеу жұмыстары кезінде күдіктілер өз кінәларын мойындап, ұрланған техниканы алып-сатарларға сатқандығын және сол қаражатқа психотроптық дәрі-дәрмек алмақшы болғандарын айтқан. Сондай-ақ, 2005 ж.т. күдіктінің бұрын сотты болғаны анықталды.

— Аталған дерек бойынша, ҚР Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша жариялануға жатпайды, дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.