Дүкендердегі қайырымдылық жәшігін ұрлаған

Белгісіз біреу Атырау қаласында дүкендерде тұрған қайырымдылыққа арналған 2 жәшікті қолды қылды.
Біріншісін Дружба көшесіндегі дүкеннен ұрласа, екінші жәшікті екі күннен кейін Датов көшесі бойында орналасқан дүкеннен алып кетіпті. Қылмыстық оқиғаның екеуі де бейнекамераға жазылып қалған.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру барысында күдікті ретінде Геолог ықшамауданының 21 жастағы тұрғынын ұстады. Қазір Қылмыстық кодекстің 191-бабы, яғни «Тонау» ісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.