Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылу мүмкін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құруды ұсынды.
– ІІМ құрылымын бейінді емес функциялардан босатып, қайта қарастыру қажет. Бұл осы маңызды ведомство жұмысының тиімділігін арттырады. Табиғи және техногендік апаттар дәуіріне енгенімізді ескере отырып, Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру қажет деп санаймын, – деді Президент.