Әлем - Саясат - 24.09.2023

“Қазақстанның қазіргі Президенті өте мықты” — Ксения Собчак

Ресейлік журналист Қазақстанның Президенті туралы пікірін білдірді. Бұл туралы Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Сұхбат аясында Динара Сәтжан Ксения Собчактан Қазақстанға көшу ниеті туралы сұрады. Бұл сұраққа жауап бере отырып, Ресей журналисі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп отырған саясатына қатысты пікір білдірді. Ксения Собчак әсіресе Мемлекет басшысының Донецкі мен Луганскіге қатысты Қазақстан ұстанымын байыпты жеткізгенін атап өтті.

«Сіздің елдің қазіргі Президенті өте мықты. Саяси жарнама жасаудан аулақпын, бұған қоса Қазақстанда болып жатқан жағдайлардан жеткілікті деңгейде хабардар емеспін. Маған оның (ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев – автор түсіндірмесі) дипломатиялық тұрғыдан өзінің позициясын қорғап шығатыны ұнайды. Менің ойымша, бұл әсіресе Ресейдегі форумнан кейін айқын көрінді. Менің «сүйікті» құрбым Маргарита Симонян оны (ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев – автор түсіндірмесі) тығырыққа тірегісі келді. Ал ол: «Жоқ, менің өз тарихым бар, әңгімем бөлек» деп кесіп айтты. Маған елдің тәуелсіздігін сақтап, адамдардың ұстанымын қорғап және ол үшін ешкіммен жанжалдаспағаны ұнайды. Бұл үлкен даналықтың белгісі», — деп пікір білдірді Ксения Собчак.