Дәрігерлер бригадасы шалғай ауылдарға барды

Атыраулық дәрігерлер бригадасы Құрманғазы ауданының шалғай ауылдарына барып, тұрғындарға кеңес берді. Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінде Құрманғазы ауданы бойынша 33 емдеу — сауықтыру мекемесі жұмыс істеп жатыр.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров бастап барған облыстық дәрігерлер бригадасының құрамында балалар, ересектер невропатологы, хирург-ортопед, ЛОР, кардиолог, окулист, фтизиатр мамандары бар.
Азғыр өңіріне іс-сапар аясында мамандар 358 адамды қабылдап, медициналық кеңес берді. Сонымен қатар, Азғырдың дәрігерлік пунктіне үш оттегі концентраторын табыстады.
Нұрлыбек Қабдықапаровтың мәліметінше, бүгінде Құрманғазы аудандық орталық ауруханасында оттегі стансасы салынуда. Станса оттегінің үздіксіз өндірілуін қамтамасыз етіп, қазандық оттегі балондарын тасымалдау қажеттілігін жояды. Сондай-ақ, Құрманғазы ауданындағы денсаулық сақтау мекемелерінде жеке қорғаныш заттары, дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.