Жаңалықтар
Елдің батысы снарядтардан тазаруда
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының сапер жауынгерлері оқу-жаттығу полигондарын жарылмаған снарядтар мен әскери жарылғыш заттардан толық тазартуда. Атырау гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, полигондарды жаңа оқу жылына дайындауға инженерлік бөлімшелер жұмылдырылған. Олар жеке қорғану құралдарымен, 0,6 метр тереңдіктегі жарылғыш заттарды табуға арналған заманауи мина детекторларымен, байланыс құралдарымен, сондай-ақ, жарылғыш заттарды тасымалдайтын арнайы көліктермен…
Толығырақ »192 жүргізуші 14 млн. теңгені төлемей жүр
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 15 қазан – 15 қараша аралығында «Борышкер» жедел- профилактикалық іс-шарасы өтуде. Басты мақсат – жолда жүру ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлын төлемей жүрген жүргізушілерді анықтау. Патруль полиция қызметкерлері тек бір тәулік ішінде айыппұлын төлемеген 8 жүргізушіні анықтап, көліктерін арнайы тұраққа койған. Мәселен, С.Датов көшесінде ресейлік нөмірі…
Толығырақ »Жәрмеңкеде 13 тоннадан астам өнім сатылды
7– 8 қараша күндері өткен ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесінде 13 тоннадан астам өнім сатылды. Бұл туралы Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Сенбі – жексенбі күндері «Мұнайшы» стадионының алдындағы алаң мен «Сарайшық» коммуналдық базары және «Береке» ықшамауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған 62 шаруа қожалығы мен тауар өндірушілері қатысқан. –…
Толығырақ »Облыс әкімі Жылыой ауданына барды
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов жұмыс сапарымен Жылыой ауданында болып, әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып, коронавирустың болжамды екінші толқынына дайындықты тексерді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. ⠀ Махамбет Досмұхамбетов алдымен аудандық орталық емханаға барып, дәрігерлердің дайындығын қарап, қоймадағы дәрі-дәрмектер мен бір реттік қорғаныш құралдары қорын тексеріп шықты. 122 дәрігер және 435 орта…
Толығырақ »137 келіден астам бекіре балығы тәркіленді
«Браконьер» жедел шарасы барысында 41 дана бекіре балығы тәркіленді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Полицейлер Талқайраң ауылының Жайық өзені жағасында ұсталған азаматтан жалпы салмағы 136,7 келі болатын 41 дана бекіре тұқымдас балық тәркіледі. Күдікті – Исатай ауданының 27 жастағы тұрғыны. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру…
Толығырақ »Заңсыз мал тасығандар ұсталды
Атырау облысында құжатсыз мал тасымалдаған екі адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Қызылқоға аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ақылбек Жұмабековтың айтуынша, полицейлер Миялы – Индер тасжолы бойында мал тиелген УАЗ көлігін тоқтатқан. Көліктегі 34 бас қойдың арасында таңбаланбағандары бар және малдың тиісті құжаттары жоқ екен. Мал тасымалдаған Батыс Қазақстан…
Толығырақ »ПТР-тест пен маска бағасы 2 есе арзандады
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі зертхана қызметтері мен жеке қорғаныс құралдарының бағалық саясатына мониторинг жүргізді. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады. Нәтижесінде ПТР-тест бағасы 36 нарық субъектісімен ашық сауда өткізу саясатын көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасау арқылы 18 000-нан 9 000-ға дейін төмендетілді. «Олимп «КДЛ» ЖШС және «Инвиво» ЖШС 9…
Толығырақ »610 адам індет жұқтырды
Қазақстанда өткен тәулікте 610 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Бұл туралы www.coronavirus2020.kz хабарлады. Бір күнде 254 науқас тіркеліп, ауру жұқтырудан көш бастап тұрған – Шығыс Қазақстан облысы. Ал Атырау облысында өткен тәулікте 4 адамнан анықталса, өңірдегі 10 науқас осы індетті жеңіп шықты. Бүгінгі күні жалпы ел бойынша ауырғандар саны…
Толығырақ »Қос азаматтықпен жүрген азаматшаға 500 000-нан астам айыппұл салынды
13 жыл бойы заңсыз қос азаматтықпен жүрген облыс тұрғынына 500 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1963 жылғы азаматша 1998 жылы Ресей азаматына тұрмысқа шығып, Ресей Федерациясына көшіп кеткен. 2007 жылы РФ азаматтығын қабылдаған, алайда басқа елдің азаматтығын алғаны туралы отыз күн ішінде елшілікке немесе ішкі істер…
Толығырақ »Құжат мерзімі аяқталғаны туралы SMS-хабарлама келеді
Енді телефон нөмірлері мобильді азаматтар базасында тіркелген қазақстандықтарға жеке куәліктің, паспорттың және жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталғаны туралы SMS-хабарлама келетін болады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның ресми сайты хабарлады. Еске салатын және көрсетілетін қызметке сілтемесімен хабарлама мерзімнің аяқталуына бір ай қалғанда келеді. Жаңа құжатты алу үшін Сіз үйден шықпай-ақ eGov.kz…
Толығырақ »









