Заңсыз мал тасығандар ұсталды

Атырау облысында құжатсыз мал тасымалдаған екі адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Қызылқоға аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ақылбек Жұмабековтың айтуынша, полицейлер Миялы – Индер тасжолы бойында мал тиелген УАЗ көлігін тоқтатқан. Көліктегі 34 бас қойдың арасында таңбаланбағандары бар және малдың тиісті құжаттары жоқ екен.
Мал тасымалдаған Батыс Қазақстан облысының екі тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша хаттама толтырылды
. Тәркіленген 34 бас қой арнайы мал ұстау орнына жеткізілді.