192 жүргізуші 14 млн. теңгені төлемей жүр

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 15 қазан – 15 қараша аралығында «Борышкер» жедел- профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Басты мақсат – жолда жүру ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлын төлемей жүрген жүргізушілерді анықтау.
Патруль полиция қызметкерлері тек бір тәулік ішінде айыппұлын төлемеген 8 жүргізушіні анықтап, көліктерін арнайы тұраққа койған. Мәселен, С.Датов көшесінде ресейлік нөмірі бар «Audi» автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде көлік иесінің 500 040 теңге айыппұлын төлемегені анықталып, автокөлік айып тұрағына жеткізілді.
Іс-шара кезінде 192 көлік иесінің 14 млн. теңге көлеміндегі айыппұлды төлемегені белгілі болды.
Айыппұл төлемеген жүргізушілердің басым бөлігі, яғни, 135 жүргізуші Ресей Федерациясында тіркелген көлікпен жүрген. Ал Армения Республикасының көлігімен жүргендер саны – 18.