Жәрмеңкеде 13 тоннадан астам өнім сатылды

7– 8 қараша күндері өткен ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесінде 13 тоннадан астам өнім сатылды. Бұл туралы Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Сенбі – жексенбі күндері «Мұнайшы» стадионының алдындағы алаң мен «Сарайшық» коммуналдық базары және «Береке» ықшамауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған 62 шаруа қожалығы мен тауар өндірушілері қатысқан.
– Қала тұрғындары мен қонақтарына нарықтық құнынан төмен бағамен ет, сүт, көкөніс өнімдері ұсынылды. Жәрмеңкеде 13 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды. Оның ішінде 4,1 тонна картоп, 2,2 тонна сәбіз, 3,1 тонна пияз, 1,1 тонна қырыққабат, 1,9 тонна ет, 500 келі қызанақ, 570 келі қияр мен 400 литр сүт өнімдері бар, – деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.