Жаңалықтар
Кеше өңірде КВИ 29 адамнан анықталды
Атырау облысында өткен тәулікте 29 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Олардың екуінде ауру симптомды түрде өтуде. Індет жұқтырғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар тіркелмеген. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың екеуі – Атырау қаласынан, 21-і – Теңіз кенішінен, төртеуі – Құрманғазы ауданынан болса, Жылыой мен Исатайдан бір адамнан тіркелген. Және кеше…
Толығырақ »Атыраулық бүркітшіге бас жүлде бұйырды
Атыраулық бүркітші «Сонар-2020» республикалық турнирінің бас жүлдесін иеленді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген тауының жотасында «Сонар-2020» республикалық турнирі өтті. 100-ден астам құсбегі бақ сынаған сайысқа 34 бүркіт пен 14 тазы қосылды. Атырау облысынан қатысқан құсбегі Арман Әбдікәрімұлының «Нарын» атты бүркіті түлкіге…
Толығырақ »Ресейден табылған атыраулық жауынгердің сүйегі туған жеріне жеткізіледі
ҚазАқпараттың хабарлауынша, Смоленск облысынан табылған атыраулық жауынгердің сүйегі туған жеріне жеткізіледі. «Переправа» жасағының командирі Наталья Максимованың айтуынша, қазан айында Смоленск облысының Кардым ауданында іздестіру жұмысы кезінде белгісіз жауынгердің сүйегі қазақстандық тарапқа тапсырылған. Жауынгердің медальонындағы қағазда – Каз ССР. Гурьевская область, г. Гурьев, Баксайский район, посёлок Сарайчик, получить Ербатыровой Рахимой ,…
Толығырақ »Талғат Жұмағалиев NFC-26 турнирінде жеңіске жетті
Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, 5 желтоқсан күні Ақтау қаласында кәсіпқой жекпе-жектен NFC-26 турнирі өткен. Кештің басты жекпе-жегі жылыойлық спортшы Талғат Жұмағалиев пен Нұр-Сұлтандық Сағынбай Шүкір арасында болды. Аса жеңіл салмақ дәрежесі бойынша үш раундқа созылған кездесуде Талғат төрешілер шешімімен өзінің 9-жеңісіне жетті. Айта кетсек, Талғат Жұмағалиев…
Толығырақ »Жылыойда 2 000-нан аса жұмыс орны ашылды
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Хәлел Жамалов мәлімдеген. Аудан әкімінің айтуынша, жыл басынан бері үш мыңнан астам адам жұмыс іздеп хабарласқан. Ал қазіргі уақыттағы жұмыссыздар саны – 2 291. – Биыл экономиканың барлық салаларында 2 067 жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде 827 адам жұмысқа орналастырылды,…
Толығырақ »Тағы 1 500 пәтер тапсырылмақ
Атырау қаласында тозығы жеткен үйлерді мекендеуге мәжбүр болған тұрғындардың 40 пайызы жаңа баспанаға көшті. Бұл туралы облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. ⠀ Бүгінде облыс көлемінде апатты 82 көппәтерлі үй бар. Оның ішінде 51-і – апатты, 26-сы – тозығы жеткен тұрғын үй. Ал бесеуі – санитария нормаларына жатпайтын жатақхана. Апатты баспаналардың дені…
Толығырақ »Түрмеге белгісіз шөп пен дәрі өткізбек болған
4 желтоқсан күні Атыраудағы тергеу изоляторында йогурттың ішіне белгісіз шөп пен ақ дәрі салып бермек болған 25 жастағы азамат ұсталды. Бұл туралы Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. УГ-157/1 мекемесінің Күзет және режим бөлімі бастығының орынбасары Айдар Аққажиевтың айтуынша, сәлемдеме ұрлық жасағаны үшін уақытша қамауда отырған азаматқа…
Толығырақ »Теңіз кен орнына қосымша 8 маман жіберілді
Теңіз кешенінің стационарында науқастар саны артуда. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аталған жұмыс орнында қарашадан бері қауіпті індетті жұқтырған 140 жағдай тіркелген. Оның 71-і соңғы 4 тәулікте анықталған. Бүгінде Теңіз кен орнындағы 315 орындық инфекциялық стационарда 15 маман жұмыс істеуде. Қазір мұнда 111 науқас ем қабылдап жатыр. Стационар жүктемесі…
Толығырақ »Таубаев пен Басаровтың ісі сотқа жолданды
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен Құрылыс басқармасының басшысына қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Агенттіктің хабарлауынша, олар Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы 200 орындық жаңа аурухана кешенін пайдалануға қабылдау актісіне қол қоюға жәрдемдескені және жалпы қамқорлығы үшін бір топ адаммен алдын…
Толығырақ »Қазақстандық фильм «Оскарға» ұсынылды
Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, Қазақстандық «Ұлы дала зары» фильмі жылдың басты киножүлдесі – голливудтық «Оскарға» ұсынылған. Картина «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша конкурстың лонг-листінеғ яғни үміткерлердің ұзақ тізіміне түсті. Фильмді еліміздің Кинематографистер одағы жанындағы Қазақстанның Оскар комитеті таңдады. Қазылар алқасының құрамына Асанәлі Әшімов, Олег Борецкий, Фархат Әбдірайымов, Фархад Шәріпов, Арман Асенов,…
Толығырақ »









