Талғат Жұмағалиев NFC-26 турнирінде жеңіске жетті

Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, 5 желтоқсан күні Ақтау қаласында кәсіпқой жекпе-жектен NFC-26 турнирі өткен. Кештің басты жекпе-жегі жылыойлық спортшы Талғат Жұмағалиев пен Нұр-Сұлтандық Сағынбай Шүкір арасында болды.
Аса жеңіл салмақ дәрежесі бойынша үш раундқа созылған кездесуде Талғат төрешілер шешімімен өзінің 9-жеңісіне жетті.
Айта кетсек, Талғат Жұмағалиев – панкратин мен ММА-ден әлем чемпионы, ұлттық спорт жекпе-жектен ел чемпионы.