Жылыойда 2 000-нан аса жұмыс орны ашылды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Хәлел Жамалов мәлімдеген.

Аудан әкімінің айтуынша, жыл басынан бері үш мыңнан астам адам жұмыс іздеп хабарласқан. Ал қазіргі уақыттағы жұмыссыздар саны – 2 291.

– Биыл экономиканың барлық салаларында 2 067 жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде 827 адам жұмысқа орналастырылды, – деді Хәлел Жамалов.

Сонымен қатар, биыл Жылыой ауданының емдеу орындары 9 дәрігермен толыққан. Оның жетеуі – жас маман.

Хәлел Жамаловтың айтуынша, аудандағы 1 аудандық орталық аурухана, 1 аудандық емхана ғимараты, 1 теміржол аймақтық филиалы, 1 аудандық емхана филиалы және 6 дәрігерлік амбулаторияға 24 жоғары 24 жоғары білімді дәрігер жетіспейді.