Теңіз кен орнына қосымша 8 маман жіберілді

Теңіз кешенінің стационарында науқастар саны артуда.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аталған жұмыс орнында қарашадан бері қауіпті індетті жұқтырған 140 жағдай тіркелген. Оның 71-і соңғы 4 тәулікте анықталған.
Бүгінде Теңіз кен орнындағы 315 орындық инфекциялық стационарда 15 маман жұмыс істеуде. Қазір мұнда 111 науқас ем қабылдап жатыр. Стационар жүктемесі 35,2 пайызға жеткен.
Соған сәйкес, денсаулық сақтау басқармасы бүгін Теңіз кешеніне қосымша 8 маманды жіберді. Оның ішінде 2 дәрігер, 2 мейіргер мен 4 санитар бар.