Украин бірлестігінің қайырымды істері

«Довира» украин бірлестігі Атырау облысының белгілі тұрағы жоқ әлеуметтік бейімдеу орталығында «Из рук в руки» қайырымдылық акциясын өткізді.
Бүгінге дейін 200-ге жуық отбасына көмек көрсеткен украиндықтар бейімдеу орталығына қысқы киімдер, аяқ киімдер, жылы көрпешелер мен кітаптар әкелді.
«Довира» украин бірлестігінің жетекшісі Виктория Синицынаның айтуынша, акцияның басты мақсаты – жастардың бойына рухани құндылықтарды сіңіріп, қайырымдылық жасауға, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу
– Кез келген мүмкіндігі бар адам баласы қайырымды іс атқаруы қажет. Өйткені бұл жастардың бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді, – дейді ол.
Сондай-ақ, орталыққа көпбалалы отбасына балалар киімдерін әкелген украин бірлестігі белсенділеріне кішкентай бүлдіршін өзінің жаңа жылдық тілегін айтты. Олар бүлдіршіннің тілегін орындауға уәде етті.