Басты ақпарат
Он үш жасар қызын күйеуге берген
Атырау облысында анасы 13 жастағы қызының тұрмысқа шығуына келісімін берген. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Осы оқиға жайлы бұған дейін әлеуметтік желіде ақпарат тарап, 13 жасар қыздың Қызылқоға ауданындағы Миялы ауылының 2002 жылғы тұрғынына тұрмысқа шыққаны айтылған. — Атырау қаласында тұратын кәмелетке толмаған қыз былтырғы желтоқсаннан бері Қызылқоға ауданының жігітімен кездесіп…
Толығырақ »Қысқы маусымға дайындық талқыланды
25-тамыз күні коммуналдық қызметтердің қысқы маусымға дайындығы мен «Мақат – Солтүстік Кавказ» магистралды газ құбырын жөндеу жұмыстары туралы жиналыс өтті. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев, ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Абай Шаңғытбаевпен қатар коммуналдық мекемелердің өкілдері қатысты. Облыс әкімдігінің биылғы 28-мамырдағы №92…
Толығырақ »Қазақстанға ресейлік вакцина жеткізіледі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің делегациясы жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына барды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. – Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен «СҚ-Фармация» арасында «Спутник V» вакцинасының кепілдік берілген көлемін сынақтардың барлық сатысынан өткеннен кейін бөлу туралы өзара келісімге қол қойылды. Қазақстан үшін қажетті көлемді Н.Ф. Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу…
Толығырақ »Айналымнан шығатын банкноттар анықталды
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2020 жылдың 3-қазанында 2006 жылғы үлгідегі 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталатынын еске салады. Қолма-қол ақша айналымынан алынған банкноттарды Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек қана Ұлттық банктің филиалдарында жүргізіледі. – 2006 жылғы банкноттарды кезең-кезеңімен ауыстыру және…
Толығырақ »Облыста 18 әлеуметтік жоба жүзеге асуда
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Азамат Сәлімбаев Атырау облысы мәслихатының 46-сессиясында аймақта құны 51,7 млрд. теңге болатын 18 әлеуметтік жобаның жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді. Жоба білім беру, энергетика, денсаулық сақтау салаларымен қатар, фото-бейне бақылау мен көгалдандыру бағыттарын қамтиды. Әлеуметтік жобаның басым бөлігі – білім саласында. Осы орайда Атырау…
Толығырақ »Қызу көтерілсе мектептен шеттетіледі
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният кезекші сыныптардағы балалардың денсаулығы қалай қадағаланатынын және санитарлық нормалардың қалай сақталатынын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Оның айтуынша, мектептерде барлық санитарлық нормалар сақталады және балалардың жай-күйі бақылауға алынады. — Егер балалардың қызуы көтеріліп немесе ЖРВИ белгілері байқалса, олар мектептен шеттетіледі. Біз сырқаттану көрсеткіштерін және…
Толығырақ »Өрт аумағы ұлғаюда
Каспий теңізі жағалауындағы қызыл жалын «Ақжайық» табиғи резерватындағы өртке ұласты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау қаласынан 20 шақырым жерде Каспий теңізінің жағалауында 22-тамызда басталған өрт әлі сөндірілген жоқ. Балқурайлар жанып жатыр. 24-тамыз күні өрт желмен «Ақжайық» табиғи резерватына ауысқан. Резерват қызметкерлері қызыл жалынды ауыздықтауға…
Толығырақ »Әкім гранты 78 түлекке бұйырды
Кеше Атырау облысы әкімдігі жанындағы Білім беру грантын беру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтті. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен отырыс шешімімен жаңа оқу жылында атыраулық 78 түлек облыс әкімінің гранты бойынша тегін білім алады. Бұл туралы Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. ⠀⠀ Бақытгүл Хаменованың…
Толығырақ »Президент Жолдау жариялайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республика халқына кезекті Жолдауын жариялайды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды. — Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1-қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр. Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент…
Толығырақ »Қашықтан бірыңғай қайталау сабақтары өтеді
25 – 28-тамыз аралығында қашықтан бірыңғай сабақтар өтеді. Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады. Сабақ өткен материалды қайталап, жаңа оқу жылына дайындалу үшін 2 – 11-сыныптар арасында ұйымдастырылады. – Оқу процесі бұған дейін әр мектеп таңдаған интернет-платформаларда қашықтан өткізіледі. Сабақ 10:00-де басталады, ұзақтығы – 20 – 40 минут. Кестеге негізгі пәндер енгізілген,…
Толығырақ »









