Облыста 18 әлеуметтік жоба жүзеге асуда

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Азамат Сәлімбаев Атырау облысы мәслихатының 46-сессиясында аймақта құны 51,7 млрд. теңге болатын 18 әлеуметтік жобаның жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді.
Жоба білім беру, энергетика, денсаулық сақтау салаларымен қатар, фото-бейне бақылау мен көгалдандыру бағыттарын қамтиды.
Әлеуметтік жобаның басым бөлігі – білім саласында. Осы орайда Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиевтің мәліметінше, бүгінде 14 балабақшаның сенімгерлікке берілу мәселесі кейінге қалдырылған және ата-аналардың талабы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ақысы мемлекеттік балабақшалар төлемімен бірдей болады.