Жаңа нысанға Абай есімі беріледі

Атырауда бой көтерген оқушылар мен жастар сарайына қазақтың ұлы ақыны – Абай есімі беріледі. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, бүгінде аймақта дана Абайдың құрметіне аталған 5 мектеп пен 28 көше бар.
– Ақын есімін биылғы 175 жылдық мерейтойы аясында оқушылар мен жастар сарайына беру ұсынылып отыр. Сонымен бірге, сарай алдына дара ойшылдың ескерткішін орнату жоспарда бар, – деді облыстық мәслихаттың сессиясында Бақытгүл Хаменова.