Президент Жолдау жариялайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республика халқына кезекті Жолдауын жариялайды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.
— Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1-қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр.
Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады, — деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.