Қазақстанға ресейлік вакцина жеткізіледі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің делегациясы жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына барды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
– Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен «СҚ-Фармация» арасында «Спутник V» вакцинасының кепілдік берілген көлемін сынақтардың барлық сатысынан өткеннен кейін бөлу туралы өзара келісімге қол қойылды. Қазақстан үшін қажетті көлемді Н.Ф. Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы жүргізуге дайын. Бұл ретте қауіп тобына кіретін қазақстандықтар үшін вакцинациялау тегін және ерікті негізде жүргізіледі және ол барлық клиникалық сынақтан өткеннен кейін ғана мүмкін болады, – делінген хабарламада.
Қазақстандық делегацияны премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр бастап барды. Сапар аясында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен РФ денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашконың арасында келіссөздер өтті.