Өрт аумағы ұлғаюда

Каспий теңізі жағалауындағы қызыл жалын «Ақжайық» табиғи резерватындағы өртке ұласты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау қаласынан 20 шақырым жерде Каспий теңізінің жағалауында 22-тамызда басталған өрт әлі сөндірілген жоқ. Балқурайлар жанып жатыр. 24-тамыз күні өрт желмен «Ақжайық» табиғи резерватына ауысқан. Резерват қызметкерлері қызыл жалынды ауыздықтауға кірісті.
Каспий теңізінің жағалауында қызыл жалын шарпыған аумақ ұлғайып барады. Өрт сөндірушілер жалынды сөндіруге әрекет еткенмен, батпақтың салдарынан жақындай алмаған.