Қызу көтерілсе мектептен шеттетіледі

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният кезекші сыныптардағы балалардың денсаулығы қалай қадағаланатынын және санитарлық нормалардың қалай сақталатынын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Оның айтуынша, мектептерде барлық санитарлық нормалар сақталады және балалардың жай-күйі бақылауға алынады.
— Егер балалардың қызуы көтеріліп немесе ЖРВИ белгілері байқалса, олар мектептен шеттетіледі. Біз сырқаттану көрсеткіштерін және науқастардың медициналық ұйымдарға түсуін қадағалаймыз. Сырқаттану деңгейі көтерілсе, бұл білім ұйымдары карантинге жабылады. Ал мектептің карантинге жабылуын санитар дәрігерлер шешеді, — деді вице-министр.