Исатай ауданындағы үш мектепті жөндеуге 85 млн. теңге жұмсалды

Исатай ауданындағы үш мектеп жөндеуден өткізілді. Білім ордаларын жаңғыртуға жергілікті бюджеттен 85 млн. теңге бөлінген, деп хабарлайды «Батыс-Инфо» ақпараттық порталы.

Атап айтсақ, Новобогат орта мектебіне 46 млн, Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектепке 35 млн, Жаңа Жанбай бастауыш мектебіне 4 млн. теңге жұмсалған.

Білім ордаларында асхана, кітапхананы заман талабына сай жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, STEM кабинеттері ашылып, электронды оқулықтар алынды.