Аймақ - Білім - 04.05.2021

Атыраулық 43 оқушы білім бәйгесінде топ жарды

Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадада, атыраулық қатысушылар жалпы медаль саны бойынша төртінші орынға ие болды. Бұл туралы Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Олимпиадаға облысымыздан жалпы саны 73 оқушы қатысса, соның 43-і жүлдеге ілікті. Бірінші орынға ие болғандар саны – 6, екінші орынға ие болғандар – 17 оқушы болса, 20 оқушы үшінші орынды иемденді.

Гуманитарлық пәндер бойынша облысымыз республика бойынша 1 орынға нық жайғасты.

Атырау қаласы бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңіне барлығы 73 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша 32 оқушы, жаратылыстану-математика бағыты бойынша 41 оқушы қатысқан болатын.

Тағы бір жаңалық, Атырау облыстық “Білім-Инновация” лицейі жалпы есепте екінші орынға ие болса, елдегі барлық БИЛ-дердің ішінде 1 орынға шықты. Сондай-ақ 2020-2021 оқу жылындағы республикалық олимпиадалар қорытындысы бойынша БИЛ-ден бөлек, атыраулық 4 білім беру ұйымы үздіктер қатарынан көрінді.

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі(25-орын);
№38 мектеп-лицейі(84-орын);
Дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия(90-орын);
Ж.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған лицей(110-орын)

Айта кетелік, бұл олимпиадаға облыс қатысушылары жақсы дайындықтан өтті.