Қайранда қалған балықтарды құтқару жұмыстар жалғасуда

Қайранға шығып қалған балықтарды құтқару жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникация қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылдың 2-мамыр күні Атырау қаласы, Бесікті елдімекеніндегі “Безымянный” көліне Жайық өзенінен жайылымға өр сулары шығуына орай, көктемгі уылдырық шашуға кірген қаракөз балықтары қайырлап қалғаны анықталды.

​Осы ретте, Атырау қалалық әкімдігі, Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасы мен Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, сондай-ақ, жастар мен еріктілердің белсенді қатысуымен, балықтарды құтқару жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 3 тонна балық құтқарылып және өлген 470 кг. балық санитарлық талаптарға сай, көму жолымен жойылды.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта балық өтетін канал темір тормен жабылды. Балықтың көлге өтуі тоқтатылды. Қалалық әкімдікпен коммуналдық жұмыстар атқарылуда. Балық инспекциясы, Орал-Жайық бассейндік басқармасы бұл жағдайда құзырлы орган болып табылады. Көлге шыққан балықтар балық кооперативтерімен, әкімдікпен жиналып қайтадан Жайыққа жіберіледі.