Атырау облысында балықтардың өлексесі табылды

Атырау облысындағы Каспий теңізінің жағалауынан балықтардың өлексесі табылды. Бұл туралы Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мәлімдеді, деп хабарлайды «Батыс-Инфо» порталы.  

Өлі балықтар Исатай ауданындағы Каспий теңізінің солтүстік жағалауына мониторинг жасау кезінде табылған.

«Өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, бұл жағдай туралы барлық мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органға жедел түрде хабарланды», — делінген инспекцияның хатында.

Енді оқиға орнына жауапты органдардың өкілдерінен құралған комиссия барады.