Атыраулық Жансель Дениз – қола жүлдегер
Таэквондодан Қазақстан құрамасы сапындағы Жансель Дениз бен Смайл Дуйсебай Азиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы БАТЫС.ИНФО хабарлайды.
Қос спортшы да жартылай финалға дейін жетіп, қарсыласына жол берді. 67 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін Дениз финалға шығар кезеңде 2020 жылғы олимпиаданың күміс жүлдегері және Азия ойындарының екі дүркін жеіңмпазы оңтүстіккореялық Дабин Лиден айласын асыра алмады. Ал Смайл Дуйсебай 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Азияның былтырғы чемпионы қытайлық Сун Чжаосяннан жеңілді.