Жаңалықтар - 03.10.2023

Алматыда мектепте 7 жасар баланы зорлаған

Алматыдағы халықаралық мектептің бірінде жеті жасар баланы зорлаған. Бұл туралы баланың анасы қоғамдық қор арқылы хабарлады, деп мәлімдейді Zakon.kz.

«Оның ұзақ уақыт бойы бұқаралық ақпарат құралдарына баруға батылы жетпеді. Жария болғанын қаламады. Екі апта өтті. Осы екі апта полицияның тергеуді қалай жүргізетінін, сараптамаға нұсқауды қалай беретінін және осы сараптаманы қалай жүргізетінін білуге жеткілікті болды», — деп хабарлады қор әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қалалық полиция бұл факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалғанын баяндады.

«Істің объективті мән-жайын анықтайтын жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды» дейді Алматы қалалық ІІД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

 

Фото adyrna.kz сайтынан алынған.