Түркияда қазақстандық бала қаза тапты

Түркияның Алания қаласында 9 жасар қазақстандық апаттан қайтыс болды. Бұл туралы түріктердің жергілікті Alanya басылымы хабарлады.
Газеттің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 28 қыркүйек күні жергілікті уақытпен 14:00 шамасында D-400 тасжолында болған. Жолдан өтіп бара жатқан баланы қаққан көліктің соққысы оны бірнеше метрге ұшырып түсірген. Ал көліктің өзі жанар-жағармай құю бекетіне барып соғылған. Ауыр жарақат алған бала Алааддин Кейкубат университетінің ауруханасына жеткізілгенмен, дәрігерлер баланы аман алып қала алмады.