Басты ақпарат
Жалған нөмірлі көліктің мас жүргізушісі ұсталды
Патрульдік полиция қызметкерлері 10 қараша сағат 03:00 шамасында мемлекеттік белгісі күдік тудырған «Toyota Avalon» автокөлігін тоқтатқан. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру кезінде көлікке тағылған мемлекеттік белгілердің жалған екені анықталды. Сондай-ақ, шетелдік көлікті тізгіндеген 23 жастағы жүргізушінің медициналық куәландыру қортындысымен орта дәрежелі мас күйде екендігі белгілі болды. Бұл азаматқа қатысты…
Толығырақ »Атырауда жедел жәрдем 100 пайызға толықты
10 қараша күні Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов облыстық медициналық жедел жәрдем стансасына жаңадан келген 18 жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. ⠀⠀ Заманауи автокөліктер науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. ⠀ Медициналық жедел жәрдем көліктері «ҚДБ-Лизинг» есебінен…
Толығырақ »Қанша қазақстандықтың тегін вакцинацияланатыны белгілі болды
Денсаулық сақтау министрлігі қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы тегін вакцина салдыратынын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбековтің мәліметінше, мамандар тұрақты талдау жүргізіп жатыр екен. – Біз 2 миллион доза туралы айтқанбыз. Халықтың шамамен 15 пайызын тегін вакцинациямен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылып жатыр.…
Толығырақ »ХҚО-ны бағасын бере аласыз
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы QR кодты пайдалана отырып, Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының сапасын бағалау жүйесін іске қосты. Корпорацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, келушілер оның көмегімен қызмет көрсету процесі, мәдениеті және бөлімнің инфрақұрылымы сияқты жайттар бойынша өз пікірлерін қалдыра алады. Бүгінде 500-ден астам азамат бұл тәсілді қолданып, халыққа қызмет көрсету…
Толығырақ »94 737 мың баспана пайдалануға берілді
Биылғы 10 айда елімізде 94 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Қазақстанда 2020 жылдың 10 ай қорытындысында 10 млн. 744 мың шаршы метр баспана салынды. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,7% көп. Құрылыс саласында нақты көлем индексі соңғы 10 айда 110,7…
Толығырақ »Кеше 7 атыраулық коронавирус жұқтырды
Атырау облысында өткен тәулікте 7 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Қауіпті дертке шалдыққандар Атырау қаласынан, Теңіз кенішінен және Махамбет пен Индер аудандарынан тіркелген. Коронавирус жұқпасымен науқастанған бір адамда ауру симптомды, қалғанында симптомсыз түрде өтуде. Сондай-ақ, өткен тәулікте инфекциялық стационарда ем…
Толығырақ »Еліміздің сауда балансы 20 жылдан бері алғаш рет теріс сипат көрсетті
Qazaqstan.tv-дің хабарлауынша, бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеген. 2020 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанның сауда балансы – 1 млрд. доллар көлемінде теріс қалыптасқан. Бұндай құлдырау 1999 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр. – Алдын ала деректер бойынша, Ұлттық Банктің төлем балансының әдістемесіне сәйкес, 2020 жылдың ІІІ тоқсанында сауда балансы 1999…
Толығырақ »«Ең үздік авторлық қойылым» номинациясын жылыойлық балетмейстер иеленді
Жылыойлық балетмейстер «Ең үздік авторлық қойылым» номинациясын жеңіп алды. Бұл туралы Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі хабарлады. Еліміздің шығысында тұңғыш рет хореографиядан I Республикалық онлайн байқау ұйымдастырылып, оған еліміздің 15 ірі қаласынан 46 кәсіби би ұжымы қатысқан. Байқауға қатынасқан Жылыой ауданының «Жем аруы» халықтық би…
Толығырақ »1 аптада жол жүру ережесі 1001 рет бұзылған
2–8 қараша аралығында патрульдік полиция қызметкерлері 1001 жолда жүру ережелерін бұзушыларды анықтады. Оның ішінде көлік құралын мас күйінде басқарған – 13 жүргізуші, жолдың қарсы бағытына шығып жүргізген – 7, міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтарған – 162, жүргізу құқығынан айырылған – 2 жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, жасалған құқық…
Толығырақ »Еңбек инспекторлары 26 мың жұмысшының құқығын қорғады
1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 983 кәсіпорнында 27,7 мың жұмыскер алдында 3,5 млрд. теңге жалақы бойынша берешек бар екенін анықтады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми парақшасында хабарланды. Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындалуға міндетті 657 нұсқама беріліп, 88,7 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қолданылған шаралардың…
Толығырақ »









