94 737 мың баспана пайдалануға берілді

Биылғы 10 айда елімізде 94 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Қазақстанда 2020 жылдың 10 ай қорытындысында 10 млн. 744 мың шаршы метр баспана салынды. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,7% көп. Құрылыс саласында нақты көлем индексі соңғы 10 айда 110,7 пайызға жеткен. Республика бойынша барлығы 94 мың 737 баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 34 535-і жеке тұрғын үй.
Бұл салада 15 өңірде көрсеткіш артқан.