Кеше 7 атыраулық коронавирус жұқтырды

Атырау облысында өткен тәулікте 7 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қауіпті дертке шалдыққандар Атырау қаласынан, Теңіз кенішінен және Махамбет пен Индер аудандарынан тіркелген.
Коронавирус жұқпасымен науқастанған бір адамда ауру симптомды, қалғанында симптомсыз түрде өтуде.
Сондай-ақ, өткен тәулікте инфекциялық стационарда ем алып жатқан 4 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Қазіргі уақытта 73 адам үй жағдайында емделіп жатырса, №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 31 науқас, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 8 адам ем қабылдауда.