Еліміздің сауда балансы 20 жылдан бері алғаш рет теріс сипат көрсетті

Qazaqstan.tv-дің хабарлауынша, бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеген.  
2020 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанның сауда балансы – 1 млрд. доллар көлемінде теріс қалыптасқан. Бұндай құлдырау 1999 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр.

– Алдын ала деректер бойынша, Ұлттық Банктің төлем балансының әдістемесіне сәйкес, 2020 жылдың ІІІ тоқсанында сауда балансы 1999 жылдан бері алғаш рет 1,0 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде теріс қалыптасты, – деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев бүгінгі үкімет отырысында.

Осының салдарынан, 2020 жылғы 9 айда сауда балансының профициті 9,1 млрд. АҚШ долларына дейін төмендеген. Тауарлар экспорты 18,4%-ға қысқарып, мұнай мен газдың да экспорты азайғаны байқалды.