Атырауда тағы 7 адам індет жұқтырды
Атырау облысында өткен тәулікте 7 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастар – Атырау қаласынан, Теңіз кенішінен және Жылыой, Құрманғазы аудандарынан.
Коронавирус жұқпасымен науқастанған 3 адамда ауру симптомды, қалғанында симптомсыз түрде өтуде.
Сондай-ақ, өткен тәулікте үй жағдайында ем алып жатқан 4 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Облыс бойынша ауырғандардың жалпы саны 11 373-ке жетсе, жазылғандар – 11 185.