Жалған нөмірлі көліктің мас жүргізушісі ұсталды
Патрульдік полиция қызметкерлері 10 қараша сағат 03:00 шамасында мемлекеттік белгісі күдік тудырған «Toyota Avalon» автокөлігін тоқтатқан.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру кезінде көлікке тағылған мемлекеттік белгілердің жалған екені анықталды.
Сондай-ақ, шетелдік көлікті тізгіндеген 23 жастағы жүргізушінің медициналық куәландыру қортындысымен орта дәрежелі мас күйде екендігі белгілі болды.
Бұл азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлімі «Жалған немесе жасанды мемлекеттік белгі орнатқан көлік құралын басқару» және 608-баптың 1-бөліміне сәйкес құжаттар жинақталып, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.
Сот қаулысымен, мас күйінде көлік басқарған жігітті 7 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды.