Атырауда жедел жәрдем 100 пайызға толықты

10 қараша күні Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов​ облыстық медициналық жедел жәрдем стансасына жаңадан келген 18 жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. ​
⠀⠀
Заманауи автокөліктер науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған​ қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Медициналық жедел жәрдем көліктері «ҚДБ-Лизинг» есебінен алынды.​

Оның 8-і аудандық емдеу мекемелеріне жіберіледі, қалған 10 автокөлік Атырау қаласы тұрғындарының жедел жәрдем шақыртуларына бөлінеді деп жоспарлануда.​ ​ ​

Бүгінде облыста барлығы – 93 жедел жәрдем медициналық көлігі бар. Оның 46-сы биылғы жылы әкелініп отыр.​

Қазіргі таңда Атыраудың жедел жәрдем стансасы 100 пайызға автокөліктермен толықты. Ал стансадағы жедел жәрдем көліктерінің 70 пайызы жаңарған. Ескі деген медициналық көліктердің өзі осыдан 2-3 жыл бұрын келген.

​ Келесі жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен​ қосымша 60 санитарлық автокөлікпен жабдықтау жоспарлануда.