Қанша қазақстандықтың тегін вакцинацияланатыны белгілі болды

Денсаулық сақтау министрлігі қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы тегін вакцина салдыратынын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбековтің мәліметінше, мамандар тұрақты талдау жүргізіп жатыр екен.
– Біз 2 миллион доза туралы айтқанбыз. Халықтың шамамен 15 пайызын тегін вакцинациямен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл шамамен 3 миллион 600 мың адам. Бұл мәселе пысықталып жатыр және ДДҰ ұсыныстарына байланысты осы пайызды арттыру үшін қосымша қаражат іздестіріліп жатыр, – деді ол.