1 аптада жол жүру ережесі 1001 рет бұзылған

2–8 қараша аралығында патрульдік полиция қызметкерлері 1001 жолда жүру ережелерін бұзушыларды анықтады.
Оның ішінде көлік құралын мас күйінде басқарған – 13 жүргізуші, жолдың қарсы бағытына шығып жүргізген – 7, міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтарған – 162, жүргізу құқығынан айырылған – 2 жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, жасалған құқық бұзушылықтары үшін салынған айыппұлдарын төлемей жүрген 72 жүргізуші де тәртіп сақшыларының назарына іліккен.
Нәтижесінде 23 автокөлік иесінен 922 296 теңге көлемінде айыппұл өндірілсе, 49 көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.