Аймақ
Науқастарды порталға тіркеу басталды
Атырау емханаларында ірі қалаларға портал арқылы жоспарлы жолдау басталды. — Қазіргі уақытта негізінен неврологиялық ауруға шалдыққан балаларға, кардиологиялық аурулар және ауыр жағдайдағы ересек науқастарға келісім арқылы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына жолдама берілуде, — деп хабарлайды Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Атырау қаласы Геолог емханасының «Жанұя, денсаулық және отбасы» бөлімінің…
Толығырақ »Тұрғындар атыс қарулары мен оқ-дәрілерін тапсырды
Атырау облысының тұрғындары шілдеден бері өз еркімен жергілікті полиция бөлімдеріне 40-қа жуық атыс қаруының түрлері мен 100-ден астам оқ-дәрі тапсырды. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Ерікті түрде тапсырғандарға сыйақы ретінде республикалық қазынадан 1 млн. 700 мың теңге төлеу көзделіп отыр. — Акцияның мақсаты –…
Толығырақ »Құрбан айтта блок-бекеттер қойылмайды
Атырауда азаматтардың қозғалысы үшін блок-бекет орнатылмайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Жанар Досымбаева Құрбан айт мерекесі кезінде Атырау аумағына кіру ережелерін түсіндірді. — Бірнеше жерде Атырауда Құрбан айт мерекесі кезінде блок-бекеттер орнатылады деген жалған ақпарат шықты. Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің…
Толығырақ »Онлайн-құрбандыққа 97 тапсырыс түсті
Атырауда онлайн құрбандық шалуға тапсырыс 31-шілде, 1-тамыз күндері де қабылданады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының мәліметінше қазіргі уақытта qurban2020.kz сайты арқылы онлайн түрде 97 тапсырыс түскен. — Атыраулықтар 51 қойға, 6 ешкіге, 40 тоқтыға онлайн түрде тапсырыс беріп отыр. Ал құрбан малының етін…
Толығырақ »Аққалада фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды
Индер ауданындағы Аққала елді-мекенінде жаңа ФАП ашылды. Бұл туралы аудан әкімдігінің әлеуметтік парақшасында хабарланды. Елтай округіне қарасты 872 тұрғыны бар Аққала ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Жаңа ғимарат қазіргі заманғы медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Жалпы көлемі 182,44 шаршы метр болатын нысанда екпе, фельдшерлік және акушерлік кабинеттер орналасқан. Үш білікті медбике…
Толығырақ »Президент облыс әкімімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Аймақ басшысы президентке өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады. Қазір Атырау облысында санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақтанып келеді, инфекция жұқтырғандар шілде айының басымен салыстырғанда айтарлықтай төмендеген. Сонымен қатар, сырқаттанғандардың 63,8 пайызы, яғни 6 414 адам…
Толығырақ »Атырауда сертификатталмаған дәрілер тәркіленді
Атырау қаласында заңсыз сатушыдан сертификатталмаған 244 мың теңгенің дәрісі тәркіленді. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Комитеттің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері қала тұрғынынан дәрінің қымбатқа және арнайы рұқсатсыз (лицензиясыз) сатқанын анықтады. — Іс ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 426-бабы «Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік…
Толығырақ »Қызылжар мен Ақтанға асфальт төселеді
Индер ауданының Қызылжар, Ақтан ауылдарының кірме және ішкі жолдарының құрылысы басталды. Бұл туралы аудан әкімдігінің әлеуметтік парақшасында хабарланды. Индербор кентінен 40 км шақырымда орналасқан Қызылжар және Ақтан ауылдарының 3 км болатын кіреберіс автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта мердігер мекеме «Атырау жолдары» ЖШС жолды тегістеп, құм төсеу жұмыстарын…
Толығырақ »Бас санитарлық дәрігер қызметінен кетті
Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабұлов 2 аптадан соң қызметінен кетті. Енді ол астанадағы жұмысына қайта оралады. — Атырау облысына Нұр-Сұлтан мен Алматыдан келген кәсіби вирусологтар мен эпидемиологтардың миссиясы орындалды. Өңірде коронавирус инфекциясы бойынша жағдай тұрақтандырылды. Аймақтағы карантиндік шектеулер бойынша үгіт-насихат жұмыстарын және профилактикалық шараларды жалғастыру маңызды. Біз Нұр-Сұлтанға…
Толығырақ »Карантинді пысқырмайтын көлік көп
Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Көлікті бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген шара барысында карантиндік шектеуге қарамастан жолаушы тасыған автобустар анықталды. Бұл туралы Атырау полиция департаменті хабарлады. 27-шілде күні Атырау қаласының Береке ықшамауданында Атырау-Шымкент бағытына жолаушылар тасымалдайтын автобусты тоқтатқан. Тексеру кезінде 36 адамы бар автобус жүргізушісі карантиндік шектеулерге қарамастан жолаушылар тасымалымен…
Толығырақ »









