Қызылжар мен Ақтанға асфальт төселеді

Индер ауданының Қызылжар, Ақтан ауылдарының кірме және ішкі жолдарының құрылысы басталды. Бұл туралы аудан әкімдігінің әлеуметтік парақшасында хабарланды.

Индербор кентінен 40 км шақырымда орналасқан Қызылжар және Ақтан ауылдарының 3 км болатын кіреберіс автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта мердігер мекеме «Атырау жолдары» ЖШС жолды тегістеп, құм төсеу жұмыстарын атқаруда.

Жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталады деп жоспарлануда .

Жарсуат ауылдық округінің әкімі Алифолла Балахметовтың айтуынша, аталған жұмыстардың жүйелі жүргізіліп, сапалы орындалуы күнделікті қадағаланып отыр.
«Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 41 адам осы жұмысқа орналасты.