Бас санитарлық дәрігер қызметінен кетті

Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабұлов 2 аптадан соң қызметінен кетті. Енді ол астанадағы жұмысына қайта оралады.
— Атырау облысына Нұр-Сұлтан мен Алматыдан келген кәсіби вирусологтар мен эпидемиологтардың миссиясы орындалды. Өңірде коронавирус инфекциясы бойынша жағдай тұрақтандырылды. Аймақтағы карантиндік шектеулер бойынша үгіт-насихат жұмыстарын және профилактикалық шараларды жалғастыру маңызды. Біз Нұр-Сұлтанға қайта ораламыз. Мен бұрынғы жұмысым — көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметімді жалғастырамын, — деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Оны 13-шілдеде Атырауға коронавирустық инфекция бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында жіберген.